Өлеңдер ✍️

  12.08.2022
  92


Автор: Болат Жетекбай

Өмір сыны – әрі кәрі, әрі жас...

Өмір сыны – әрі кәрі, әрі жас,
Тек тағдырлар өніп, өшіп жатады.
Тірлік барда – көргеніңнің бәрі рас,
Атады таң, өтеді, Күн батады.
Тиесілі тағдыр тасқа, құмға да,
Сезімсізге бірақ оның не мәні?
Жазмыш жайын ойлап, бойлап, біл, қара:
Өзінде ме, өмірде ме обалы?!
Жас күйінде жайнап өмір тұрады,
Талайында тым көнекөз тағлым бар.
Аз күн өмір сүреді жан, тынады...
Таусылмайды толқын-толқын тағдырлар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу