Өлеңдер ✍️

  10.08.2022
  121


Автор: Ғалым Әріп

Жаңбырлы сәт

Ататұғын әр таңдай күліп мәңгі,
Ана-жаңбыр жуады шыбық –талды.
Алабұртқан ақ қайың бұтағында
Мөлдір тамшы мөлтілдеп тұрып қалды.
Көктемеге қыз-көңіл елтіген бе,
Жүректердің жалынды өртінен бе,
Жалаңаяқ барады бойжеткендерМойынсұнбай жер беті көлкігенге.
Шабытты ақын жырындай ақпа-төкпе,
Ақ жауынға масайған бәйтерек те.
Алматы-ару бақытты ғашықтайын
Осылай бір құяды-ау оқта-текте...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу