Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  56


Автор: Сандуғаш ШОРТАНОВА

«Келемін» демеңіз...

«Келемін» демеңіз...
Мен үшін құндырақ келмеген,
Ырқыма көнгеннен, көнбеген.
Төзімді тауысыңыз барынша,
Құштарлық отымен емделем.
Еш хабар болмасын
Сіз жақтан жететін желменен,
Аспанмен, жерменен.
Есімнен тандырып жіберсін
Сағыныш жүректі кернеген.
Мұңданып, жылайын...
Сіз бірақ жұбата көрмеңіз,
Жаныма жылылық бермеңіз.
Мен деген өксіктен өлермен
Болғанша келмеңіз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу