Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  51


Автор: Сандуғаш ШОРТАНОВА

ЖАТҚАНЫМ ЖОҚ ЕШНӘРСЕДЕН ҚАЛЫС ҚАП...

Жатқаным жоқ бұл өмірден қалыс қап,
Кейбір жәйттар жейді жанды жаныштап.
Алыс бәрі – ағайыным, туған жер,
Жырымнан да барамын мен алыстап.
Жыр ордасы қайдасың сен жетейін,
Сенсіз менің көншімейді көкейім.
Меңдуана жеген жандай жүрмін мен,
Қандыра алмай лағыл жырдың жете иін.
Жауһар өлең өмірімді дәріптер,
Еңбек етем жыр жолында ағып тер.
Тұрақтадым құшағыңа мен сенің,
Қасиеті Маңғыстаудың, шабыт бер.
Көкірегіне от үрлеген талайдың,
Махамбеттің жыры маған ақ айдын.
Рух берші өрнектеуге батыл сөз,
Абыл ата – Ақберені Адайдың!
Босағасы басқа дала, басқа үйдің,
Тұрақтаған мекеніме басты идім.
Жыр еліне алыс сапар шектім мен
Шабыт алып толқынынан Каспийдің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу