Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  68


Автор: Мұхамбетберді СҮЙІТОВ

КҮЗГІ ҚОШТАСУ

Күліп тұрып қоштасып ек кетерде.
Бірақ қайта жолығуды жазбапты.
Мендей сорлы қадіріңе жетер ме?!
Асау мінез, ал жүрегі аздап мұң.
Өткен іске өкінгенмен шараң не?!
Қайта оралмай кеткен ол күн бір күліп.
Ал тағдырға не айтасың... сараң де,
Бірақ менде сөнбей қойды-ау мұңды үміт.
Жыласаң да жанып біткен шылымдай
Қайтем сенің сезіміңді күл болған
Шыққан күннің қызыл барқыт нұрындай
Оралар ма кездеріміз сыр толған?!
Әйтеуір бір арман болып кеттің-ау!
Уысымнан ұшып кетіп байқаусыз.
Сен кеткенде «қайта келер» деппін-ау,
Енді қайтем?!
Бақытымды қайтар күз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу