Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  97


Автор: Алмас АЛТАЙ

Махаббаттың бұл өмірде бары шын...

Махаббаттың бұл өмірде бары шын,
Сенсіз күннің бәрі қиын, бәрі сын.
Апта болды, телефон ба кінәлі,
Естілмейді дауысың...
Көңіл күпті, жүрек байғұс сенбейді,
Шер көкірек сенсіздікке көнбейді.
Апта болды, басталатын «жаным» деп,
SMS-тер келмейді...
Күрсініс көп, іштен тынып, тұншығып,
Маған бола тоқтамайды тіршілік.
Апта болды...
Хабар күтем өзіңнен,
Үндемейсің қырсығып...
Сені өзгеге жүрек қалай қияды,
Мені есіңе аласың ба жиі әлі?
Хат келер деп түнде оянам мың мәрте,
Телефонға ұялы...
Жүрегіңді жанарыммен жылытып,
Жүрген шақтың болмады ма құны түк.
Жалғызым деп жыр арнайтын жігітті,
Кеттің бе екен, ұмытып...
Шымыр ма екен, шалағай ма шешімің,
Жылдар өтіп, ұмытылсам несі мін?
Сүйеді әлі!
Ұмытпайды ол жігіт!
Ұмытпаса өз есімін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу