Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  79


Автор: Жандос ДЕМЕСІН

БАЯҒЫ АУЫЛ КЕШІ

Ауыл кеші, жаздың күні ұзарып,
Шат-шадыман көңіл билеп даланы.
Төбемізден ысыған күн қызарып,
Қиясына батайын деп барады.
Қызыл іңір жақындады кеш түсіп,
Өріс жақтан мал келеді жайыла.
Біздің үйдің асығады ешкісі,
Шешеміздің сүт құюға шайына.
Көрші кемпір малдан алған керегін,
Түйесінің сүттілігін айтады.
Даңғырлатып алып кеткен шелегін,
Қора жақтан әрең алып қайтады.
Әр күніміз ойынменен жалғаулы,
Шіркін сол бір, күндерімде көп думан.
шаң-шаң балақ,жыртық тізе шалбарлы,
Біздер ойын баласы едік, доп қуған.
Кәрі-құртаң отыратын салқындап,
Төбе басы сонысымен ажарлы.
Қауқылдасып, күліседі жарқылдап,
Болып жатқан жиын сынды базарлы.
Осы ауылға боласың-ау, қарап таң,
Маңдайыңда көрер көзің болсын тек.
Пейіш бақтың бір бөлігін Жаратқан,
Жібергендей тірілер де көрсін деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу