Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  91


Автор: Аллаберген Қонарбаев

МЕНІҢ АНАМ ОСЫНДАЙ

Мен ұшақпен кеткенде,
Өзі құс боп қомданады екен.
Есен-аман жеткенде,
Мейірім гүлін қолға алады екен.
Мен пойызбен жүргенде,
Өзі рельс боп дірілдейді екен.
Хабарымды білгенде,
Шалқып тасып күлімдейді екен.
Жаяулатсам егерде,
Ол отырып шаршайды екен,
Үйге қарай келерде,
Алаңдаумен аңсайды екен.
Оқығанда жырымды,
Кең дүниеге сыймайды екен.
Сыбызғы күйлі сырымды,
Өзге жанға қимайды екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу