Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  77


Автор: Аллаберген Қонарбаев

ӨЛЕҢІМ МЕНІҢ...

Өлеңім менің, жан сырымды ашатын,
Шұғыласын жан-жағына шашатын.
Бұлқынған жүрегімнің кей сәтінде
Сабырменен көңілімді басатын.
Өлеңім менің, өмірімнің өзегі,
Жұлқынады қайран сабыр төзеді.
Өлеңімді оқысаң мен деп түсін,
Ол өйткені жүрегімнің сөз еді.
Өлеңім менің, көңілімнің шырағы,
Тағдырымның асау тұлпар пырағы.
Көңіл құсы қанат қаққан қияға,
Сол құсымның өлең ұя – тұрағы.
Өлеңім менің, жалын атқан жырларым,
Көзім жетпес алыстағы қырларым.
Бір өзіңмен сырласқанда жапанда,
Тыныштығын қара түннің ұрладым.
Өлеңім менің, тіршіліктің тұмары,
Бойынан еш кетпеген ғой құнары.
Қалам ұстап, ақ қағазды құшақтап
Жыр рахатқа кенелгім кеп тұрады.
Өлеңім менің, тапқандай ма ләззатын,
Күн күлімдеп – тұратындай аза түн.
Уысына жүрегімді қысып ап,
Шың биікке өмір-өлең жазатын.
Өлеңім менің, өзгелерді ұғатын,
Мен емеспін бұл дүниеде тірі ақын.
Жыр дәптерін қойынына қысып ап,
Қаламымен қолын бұлғап тұратын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу