Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  55


Автор: Аллаберген Қонарбаев

МЕН САҒЫНДЫМ...

Мен сағындым
Өз Алматым Шетпемді,
Көкалды көл көңілдегі көктемді.
Күзді күнгі жапырақ боп күрсінем,
Қолына алып жүгіргім кеп өкпемді.
Мен сағындым
Жас күлкілі Шетпемді.
Арманымды арқасына бөктерді.
Қалқып ішіп Қаратаудың қаймағын,
Балалық шақ бал дәуренім өткен-ді.
Мен сағындым
Сыбызғы үнін даламның,
«Құлыным» деп үн қатқанын анамның.
Тіліп сөйлеп, тік сөйлейді тіршілік.
Мен, әйтеуір, әлденеге алаңмын.
Туған жерсіз,
Жүдеу жүрек, ортамын,
Сенде ғана жарқырайды Шолпаным.
Алматыда сиқыр қала – Шетпемді.
Ұмытып тек кетпесем деп қорқамын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу