Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  99


Автор: Мұрат Өскiнбаев

ҚОШТАСУ

Дүние жалған, өттің бе?
Базарым, суып кеттің бе?
Алпыс беске келгенде
Сырқат, шіркін, жеттің бе?
Көтерем қудай талпынтып
Әлсіз, арық еттің бе?
Ішке түскен ауыр дерт
Кедергі салдың екпінге,
Ырза бол, балам, қартыңа.
Арасында халқымның
Түсірдім талай шаршыға,
Атаның атын аздырып,
Сөз келтірме артыма.
Балапан қалды ұяда,
Кеткенмен ұшып қаршыға,
Көре алмастай уақыт келді.
Енді бізден көп сәлем
Ұлан байтақ халқыма.
Қоштастым бір жыл елменен,
Аға-іні, жеңгемен,
Ешбір тәуіп болмады
Ауыр дертті емдеген.
Күннен-күнге азайып,
Әл-қуатым меңдеген.
Кім қалар дейсің жалғанда
Осы жүрген пендеден.
Енді жолдас болармыз
Қабаты қалың жерменен.
Қараңыз ажар, кейіпке,
Айнала бердім шейіпке.
Апарып мені жерлеіңз
Жетібайдағы бейітке.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу