Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  108


Автор: Бесінбай Бегеніш

Тыныштық.

Ұлы армандарға асқақтап,
Тыныштық мінер тұлпарым.
Ән – ұрандармен бастап нақ,
Тыныштық әнін шырқадым.
Тыныштық болса өмірде,
Зереңге күлкі толады.
Бұлбұлдар сайрап көңілде
Өзі кеп шаттық қонады.
Соғыстық орден тақ әлі,
Тыныштық артық тегінде.
Бостандық туың бағалы
Көгершін ұшар көңілде...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу