Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  76


Автор: Бесінбай Бегеніш

Еркіндік жырын жырлаймын

Еркіндік – деген алапат күш бір тасыған,
Асқақтап айтар Алатаудың басынан
Өресін үзіп өрек ақса қасымнан
Қалайша мен тосылам...
Еркіндік болмай айтар сөз бәрі шектелген
Кездескенбіз көңілсіз анау көктеммен.
Еріксіз айтқан ағылған жырдан не пайда
Тетеліп бәрі кібіртіктеп төккеннен.
Еркіндік сәуле көңілімде кіл тұнған,
Еркіндік жыры сезімде өрбіп бұлқынған.
Еңсесі биік еркіндік жырын жырлаудан
Еміренбей бір тынбай?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу