Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  79


Автор: Бесінбай Бегеніш

Аға бер тынбай, Өзенім!

Сарқырап өзен ақпаған екен бұл маңнан,
Ақса деп өзен тұнғанғой сірә, арманнан,
Шөліркеп келген атағың естіп алыстан
Жер соғып талай алданған?!
О бастанда нысана көздеп дөптеген,
Аталардың болжамы қате кетпеген,
Аңызғақтан аранын ашқан арналар
Ойларды қозғап нышандар жатты еппенен.
Аңғарып қарап аңғарларды да аңғарған,
Қазіргі анау мұнара тұнған маңдардан,
Өзенше ағып мұнайдың асау тасқыны
Қиялдан туған жанды арман.
Шолыпты олар болса да қанша қиянды.
Алысқа созған шылбыры ұзын қиялды,
Армандаған бақытын іздеп тынбастан
Осынау менің Маңғыстау маңғаз ұямды!
Еңбектеніп шұқыса болды өзегін,
Сол бағыттан мұнайдың тапты өзенін,
Болжамдар кетті шындыққа биік шарқ ұрып
Алмастырды дария судың кезегін.
Бабамның ойы жатырсың бүгін иіп тек,
Топырағың торқа рухың асқақ биіктеп!
Несібе шығар ұрпағың үшін қалдырған
Нөсерлетіп жібергендей құйып кеп!
Аға бер тынбай арыны асау өзегім,
Игілігін көрсін ырысын тапсын өз елің!
Өзен деп қойған мен емес өткен бабалар
Солардың бүгін қате емесін сеземін!!!
* * * * * * *
Жалғасып жатыр жақсылықтарға жан-жағым,
Бойымды билеп түрткілеп жатыр жыр-ағын
Елуге келген Қызыл – сай аулым қызықтап
Көрсетіп жатыр мәуесін жайған гүл – бағын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу