Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  71


Автор: Бесінбай Бегеніш

Бар мен бай

Ертеректе адам бәрі тең екен,
Бай мен кедей айырма жоқ бір екен.
«Байлық» деген дүниеге келмеген
Үстемдік жоқ жайма-шуақ ел екен.
Сұрасаңыз барлығы да бар дейді,
Жасырын жоқ жауап берер ар – дейді,
Тапқандарын ортаға алып қаумалап
Қомағайлық өңештер де тар дейді.
Дүниеге кер сақай «Бай» кеш келді,
«Р» дей алмай «Й» деуменен өскенді,
Тілі келмей қатарынан арланып
Әлгі сақау басқа өлкеге көшкен-ді.
Атып жатыр жаңа өлкеде таң нұрлы,
Кәсіпкерлік жетіп жатыр сан қырлы,
Оңашада тіл үйретіп алам деп
«ба-й-й» дегеннен тауда , таста жаңғырды.
Тауға барса жаңғырып «бай» деді,
Жел қосьар байлық саған сай деді,
Дүниеге осы сөзді келтірген
Арқа қағып ібіліс те «әй» деді.
«Әурелен бе, азаптан ба жүре бер,
Тапқаныңды үсті-үстіне үйе бер,
Дүниеге тілдің жоқ қой қатысы
Басқалары саған келіп сүйенер!!!»
Ібілістің сөзін басқа қостады,
«Р»-ды бүктеп тығып келіп тастады,
«Й-ды» қойып «Р» әрпінің орнына
«Сақаусың-ау» дегеннен де саспады.
Осылайлайша «байлық» биік қаланды,
Бірте-бірте бар дегенің таланды,
Кесіп алса , қан шықпауды ұстанып
Пір тұтыпты Қарабайдай сараңды.
* * * * * * *
Байлық басы сақау екен манағы,
Бәсекеге түсіп талай қарады.
Жылтырақтар көздің құртын алардай
«Бай, Пай» болып жан-жағына тарады




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу