Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  68


Автор: Бесінбай Бегеніш

ЖҰТЫЛЫП ЖАТҚАН ЖАРЫҚ КҮН!

Ай бітті деп қуандым,
Айлық ап соған жұбандым,
Таусылып жатқан тарыдай
Ғұмырым деп ұғармын.
Асығыс шапшаң қапылдым,
Түсінбей жолын мақұлдың,
Тұйыққа әбден жеткенше
Бәрі асығыс, ақылдым.
Шапақты күнге құмармын,
Өтпесе сағат шыдар кім?
Жұтылып жатқан жарық күн
Батқан сайын жылармын.
Жабылған түндік түнердің,
Өлі ұйқыны білер кім?
Орнымнан тұрсам ертемен
Тірімін деп күлермін.
Түстік өмір болғандар,
Кешке жетер мал жияр.
Қанағат, сезім, имандар
Жатар жерге сол сияр.
Жан-жағыңа қарасаң,
Күйбең тірлік досым-ай!
Көппен көрген ұлы той
Қаларсың қалай қосылмай?
Өмір деген осындай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу