Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  73


Автор: Бесінбай Бегеніш

СҰЛУ ТӨРТКІЛ

Сұлу төрткіл көрінеді
Күн нұрына малынған,
Кең далада
Заңғар көкпен ұштасып.
Әсем мүсін
Қалпағы да төбесіне салынған,
Шыға келсең
Тайғырдың дөңін үш басып...
Аялаған алақанға
Қондырып ап тұр сағым,
Сұлулықты аңғарып та
Қарау екен тиімді,
Нақ осында табиғаттың
Талай тылсым жұмбағын
Соны көріп
Жасағанмын түйінді...
Шыға салып тамсанып кеп
Қарап тұрсам ұзақ тым,
Көпшілікке жарнамалап
Сол бір тұрған күйіңді.
Ойландым да, сезімімді
Көшкен желге ұзаттым.
Қасыңа барсам кәдімгі
Топырақ төбе үйінді?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу