Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  80


Автор: Бесінбай Бегеніш

Жолдар.

Осы жолмен кеткендер оралмаған дейтін-ді,
Жібермедім сол жолға малым түгел итімді.
Үйден шығып алысқа тартқан анау құм жолы,
Кеткен қайтып келмейтіп аталыпты жын жолы.
Сорлы сол жол кезінде сарғайып кеп жататын,
Нақ соның үстінен қызарып күн бататын.
Бір өзінде жатқандай барлық кінә, бар айып,
Қарадым-ау тесіліп қарғап,сілеп сарғайып...
Жол шетінде жабығып үміт үзбей қарадым,
Күте-күте қараумен мұңайып үйге барамын.
Жылдар өтіп бірнеше жиектері кетілді,
Жаңбыр жауып нөсермен көк желектер жетілді.
Өткен өмір өзінің ен – таңбасын салыпты,
Баяғы жол қазірде көп өзгеріп қалыпты.
Сол бағытпен кеткендер келіп жатыр еліне,
Қапталынан көрнекті төбе арнапты келінге.
Түскен келін ауылға әлгі жолмен келеді,
Қаумалаған жастармен желкілдейді желегі.
«Келінтөбе» басында күнде думан болады,
Шаттық – күлкі басылмай үйге енеді манағы.
Батысы мен шығысым айдын жолдай ағылды,
Бірі кетіп, бірі кеп ауыл маңын сағынды.
Алпыс жылда, жол жаңа өмір заңы қатал тым,
Баяғы жол қазірде нұр жолы деп аталды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу