Аңыздар ✍️

  08.08.2022
  516


Автор: Бесінбай Бегеніш

Шопан ата туралы аңыз

Қожа Ахмет Ұстаз екен
Ең жоғары санатты,
Мұсылмандылық, имандылық
Жан-жағына таратты.
Шәкірттері бітіргенде,
Сынақ үшін жыл сайын
Алыстарға аса-жебе қадапты!
Сол мекенге шәкірттердің
Мықтыларын жіберген
Бата берген, қажыр-қайрат
Нұрын құйып жігермен
Бір жылы осы қадалыпты
Маңғыстаулық өлкеге
Ислам діні жетпегеннен түнерген?
Аса келіп түскен түні
Түбек дүркін оянды,
Иеленді Баянды.
Баянды бай ақсақалды
Көргені де көп еді
Сол асаны алу үшін таянды...
Алынбады. Бірақ ұшы
Бұрынғыдан зыңыды
Баяндының аз емес-ті
Құдай жолы ұғымы
Таңбаланды сол күні туған
Егіз қозы,торы құлын
Болсын деді киеліге шығыны...
Мұсылмандық ілімінде
Демеген ғой қатең бар
Оралайық Түркістанда
Қожа Ахмет атаң бар
Нақ сол жылы
Арықсаз деп аталатын шәкірт те
Деген екен сізден алар батам бар?
Қыдыр Ата жол сілтеумен
Жолға шықты Арықсаз,
Іздей-іздей тапқан екен
Маңғыстауды жарық жаз
Содан бастап таралады
Бұл өлкеде Исламның рухы
Соған дейін дінге болған дәріп аз!
Міне осылай басталды
Дін рухы өлкеде,
Ішінара қараған ғой
Қарсыластар жеркене.
Арықсаз да шопан бала,
Шопан Ата аталып
Қой да өскен.
Алдын бастап серкеде!
Зердесінің кемелдігін
Келгеннен-ақ аңдатты,
Қой өсіріп, имам болып,
Мал бағуды таңдапты.
Қасиет пен қанша білім
Болғанына қарамай
Байсалдылық ой түйеді салмақты!
Бай да ақылды: - Қонақ бала
Келші менің қасыма?
Түркістаннан іздегенің
Сенің айтшы осы ма?
Мен торықтым. Оңтайланып
Талай рет ұмтылдым.
Ала алмасаң сен де бірақ жасыма!
Ұстазым! Деп Қожа Ахмет Исауиге сыйынды!
Қиналмай-ақ сұрағандай
Көрмей ешбір бұйымды
Бес тұрған Көк тастағы –Көк аса
Даусыз келіп балаға сол күн бұйырды!
Баян бай да түсінеді.
Бәрін іштен біледі.
Аса ұстап тартқаннан-ақ
Сезіп еді жүрегі
Ел шақырып,қойын сойып,
Қонақ асы берді де
Шопан бала амандығын тіледі.
Бұрынғыдай ұлы табақ
Ақсақалға бас қойды,
Арықсазға бала табақ
Тоятындай ас қойды.
Бір мезетте қозғалды да көтеріліп піскен бас
Бала алдына орналасты бас жайлы.
Ол кездегі үлкендер де
Нышандардан құр емес,
Жасамады өкпе – қалдық
Ашуланған дүр егес
Келген бала
Қасиет пен киелері маңайды
Кезіп кетті жыр елес.
Дәріптеген әңгімелер
Жүріп жатты асылды
Ауыл сайын алып қашып
Бір-бірінен асырды.
Періштелер қоныс тауып
Тілеулестік жүректен
Жақтаушылар үсті-үстіне қосылды.
Шопан болып дала кезді
Малды бақты күн қақты,
Ұстап мінді еншілеген
Торы бестіні сымбатты.
Қиналғанда, кей кезеңде
Қиыншылық көргенде
Қыдыр Ата қамқоршы боп үн қатты.
Мешіт соқты аса түскен
Тау бауырлап етек деп,
Келушілер азаймады жан-жағынан
Парыздарын өтеп кеп
Медресе ашты
Құран-кәрім оқытып
Шәкірт алды әр ауылдан жетектеп.
Көзін ашты,тазалады
Ақпай жатқан бұлақты,
Тау бұлағын бұрып алып,
Осы алқаптан құлатты.
Ерінбейтін, адал еңбек иесі
Бұл жігітті
Баян байдың жалғыз қызы ұнатты
Баян бай да түсінісіп
Тойын көпке жасады.
(Қарасаңыз әлі тұр ғой,
Сол шымылдық жосағы )
Тұр тауының нұрын шашып
Тұрған осы алқапқа
Құр еместі құдай қосқан қосағы...
Исламның нұры жүрді
Өлке бойын аралап,
Кездеседі әр жерде де
Қарсыласқан қара дақ.
Күн-фая күн! Әлхамду Лиллаһи
Мұсылмандық
Бұл түбекте сол кезеңнен таралады!
Дәріс алу парыз өтеу
Бағытында адамдар
Құдай жолы бейімдеді
Жасалған-ды адамдар
Мұхаммедтің үмбетімен
Күңіреніп осы алқап
Жұма күні шақырылды азандар!
Шопан Ата аталды да
Күннен-күнге ысылды,
Жан-жақтарға шәкірттерін
Қанат қағып ұшырды.
Сөйлегенде құран-фурхан
Қасиетін дәріптен
Сүре,аят айтатынды тұщымды!
Бір бұлақты сорға ағызып
Тұндырды тұз тосабын,
Деген екен қажетіңе
Ас тұзы деп қосамын.
Емге дауа орныменен
Пайдалансаң кезінде
Бізге жеткен содан осы жосағын!
Маңайдағы әр бұлақта
Сан бағытпен ағылған,
Бұлақтардың міндетіне
Дымқостылар таңылған.
Әттең тәйір жылдар өтіп
Шипалы сол бұлақтың
Кейінгілер кейбірінен жаңылған.
Тарихтың қойнауында
Қанша қалған орасан?
Құмдар жатыр ем болам деп
Үйіншекке борасам?
Шопан Ата құдығына
Айып,астау іздеме?
Әйкелінен су ішеді қарасаң!
Рух берген талаптанған
Адал жанды қолдаған,
Пір Бекетті аян беріп
Ұлы Ұстазға жолдаған
Үргенішке аққу етіп
Ұшырады білімге
Талмайтындай қанаттарын қомдаған.
Періштелер қоныс тауып
Тілеулестік жүректен,
Исламдық дінге деген
Сүйсінуді үдеткен
Қанша жылдар,қанша ғасыр
Өткеніне қарамай
Шопан Ата деген екен жүдетпең!
Ислам діні құламайтын
Мұнарадай сомдаған
Қожа Ахмет Ясауидің
Шәкірті екен жолдаған
Шопан Ата жайындағы
Көремін мен досымдай!
Бисмилла! Аңыздарды
Әңгімелеп бергенім


Тыңдаушым да мұсылманға қосылғай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу