Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  84


Автор: Бесінбай Бегеніш

ӨКСІК

«...Талайларды қоса шарпып осы ағын,
Ашылмады түндік те, жағылмады ошағың.
Шайқалған бір шаңырақтың астында
Жылап қалды құдай қосқан қосағың?..
Жер мен көктен айдан да,
Ажал оғы тиеді ғой қайдан да.
Тірі қап жүр уақыты жетпеген
Сонша жойқын, қан төгіскен майданда!
Кетпедің сен өзің тіккен қосыңда
Жастық болмай қиналған да басыңда.
Бұйырмады – ау ошғыңның үш бұты,
Сүйеу болмай туысың мен досың да.
Тағдыр қалай бізге салды салмағын?..
Шөлдегенде сусын бере алмадым.
Нәрестеңді бір сүйгізіп алып бір,
Кетеріңде қоштасып та қалмадым?..
Анам байғұс айтатын-ды осы әнін,
Жалғыз мен ғой оған құлақ тосатын.
Қайта-қайта сұрайтын-ды құдайдан:
«Ажал жетсе , бұйырсыншы ошағым» .
Қалыпты атың белдеуіңнен шешілмей,
Шылбыр жатты тарқатылып, есілмей .
Сенен қалған дүние-мүлік, мұра да
Сақталмады біте жемей,тесілмей.
Зәре ұшты шықса талай бөтен үн,
Күшім әлсіз, тебіреніп кетемін.
Талдырмаш кез ойнай алмай қатармен,
Көз жасынан ылғал тартқан етегім.
Ер-тұрманың жасақтаулы, сайлы еді,
Кімдер мінді? Атың қалды қайда енді?
Ат ұстаған нағашымыз өтті деп,
Жиендерің тақым сап жүр тайға енді.
Алып кетті үйіріп бір құйындай,
Өз шатпаңның босағасы бұйырмай.
Жетім қыз бен жесір әйел атанып,
Өксідік біз көз жасымыз тиылмай?!
Қақсайды екен тауықтыр да, ұшып түссе қауырсын,
Өлім шіркін тірілерге ауыр сын.
Арман екен аттандырған ақ жолға,
Дайындауға кетіп жатса қабыршың.
Жөнелгенді аза тұту ғұрпы бар,
Үші менен жетісі бар , қырқы бар,
Жүзі менен жылында да бас қосып
Арттағылар – шұрқырасқан жылқылар!
Басына барып қайтамыз деп жатасың ,
Қыз дегенің – мауқын басар боташың.
Көңіл шіркін кейде бей-жай болады,
Үйіңе кеп оқып жатса батасын.
Балаларым да нағашысын сұраған,
Өксіп талай, бұрыш барып жылағам.
Суретін кеше алып көргенше
Үйлеспейтін әңгімем де құраған.
Таусыла ма аға-аға бұлақ та?
Ұқсатамын көз жанарын шыраққа!
«Халық жауы » деген сөзден үнемі
Керең бола жаздап еді құлақ та?!
Өмір деген жылжып тұрған сынап па?
Анам кетті өксуменен жылап та!
Өзің керген мкерегені жинадық,
Күтіп едік, сарғайып та , шыдап та!
Ғұмыр бейне бір шүйке жүн тартымды,
«Жат жұрттық қыз» сақтадым мен салтымды.
Құда болдың, отын жақтым өзгенің,
Жалғастырдым, ұрпақ болып , артыңда!
Орындалмас! Адамдағы бар арман!
Әкежаным, өзіңнен мен таралғам!
Тірлік деген – түйіндесем, ойланып,
Кездесу мен қоштасудан жаралған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу