Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  98


Автор: Бесінбай Бегеніш

Көк бөріні көкпар етіп тартатын,...

Көк бөріні көкпар етіп тартатын,
Жылқы ішінде «Жылқышы» әнін айтатын.
Сәлемдессең, қолың беріп қарашы,
Үрікпесін, асау екен, байқа атын!
Шәлкестерді бұғалықпен көндірген,
От жалынын тарпаңдардың сөндірген.
Аукцион өткізілсе асауға,
Осы жігіт жеңіп шығар тендерден!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу