Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  93


Автор: Бесінбай Бегеніш

Жинақылық , шапшаңдық та бойында....

Жинақылық , шапшаңдық та бойында,
Салып қара атпен түсер ойынға.
Серілік бар, өнер де бар өзінде,
Көңілденсе ән айтады тойында.
Маманданған бала кезден жаттығып,
О баста да шыбық мінген ат қылып,
Қажет – ақ қой жылқышылық дегенге
Жылқының да тұяғынан қаттылық.
Көрсін дейміз үлгі етеміз көпке біз,
Шалбарының қыры жоқ деп сөкпеңіз –
Ат үстінде үнемі ылғи болғаннан,
Артық болар ол жөнінде өкпеңіз?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу