Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  68


Автор: Бесінбай Бегеніш

СҮЙЕУТОРЫ Немесе сұқтаған көзге шоқ шашқан...

Тебіндеп еркін жататын жаз – үстірт қонысы,
Белгілі болып танылды Сүйеудің ақпа торысы.
Бірнеше дүркін шабыста алдына қара салмаған,
Таңданды қазақ – орысы...
Бәйгенің басын бермеген аламан – айқай шабыста,
Арлы жердің асында салатын жүйрік намысқа.
Жанарды жасқап алыстап, қараған көзді тайдырған,
Қос құлағы қамыстай!
Қашаннан да өрбіген қызғаныштан қастандық,
Дегендерге көп еді олжалы жерден бас қалдық.
Алға шықса, ағайын тасадан тұрып сілтерге
Қалтаға атар тас салдық!
Сондай қауіп-қатерге дейді екен торы сасқан жоқ,
Серпімді шыққан тұяқтан атылыпты тастан оқ.
Иті бар көзді тайдырып, қос құлақтың түбінен
Сұқтанғанға шашқан шоқ..
Жіберген тұяқ тастары кем болмаған сақпаннан,
Мырзагелді әулеті Торымен талай мақтанған,
Атбегілік үлгіні Смағұл, Тұржан жеткізді
Атадан сөзі жатталған...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу