Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  72


Автор: Бесінбай Бегеніш

БӘЙГЕКЕР

( Баптаған сәйгүлігі бірнеше рет ат бәйгесінің жүлделі орнын иемденген
марқұм Ізтұрған Жақауға )
Тосыннан маңай бүгін аңтарылды,
Ат қалды үй артында қаңтарулы.
Алланың өлшеп берген ақ жолынан
Ойланған ешкім жоқ-ты жалтаруды!
Сезініп бәйгекер бір кісінеді,
Кім хәлін оның енді түсінеді?
Жер тарпып , көңіл жүдеп, таппай сыңар,
Мұң шағып тұла бойы ісінеді.
Болжаған құлазуды күн ілгері,
Иесін таппай маңайдан , түңілген-ді.
Шабыс жоқ бұрынғыдай оза шапқан,
Басына бейіттің барып үңілген-ді...
Қызмет қайтарымды иең үшін,
Адалдық айуанның сүйем ісін.
Есімін азаматтың асқақтатқан
Аттың дағы аты бар киелі шын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу