Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  68


Автор: Балта Қосбармақ

Нем артық?!

О, өмір, сенен сұрайын:
Үсті ме жердің,
Асты ма менің тұрағым?!
Жалғайтын Жердің асты мен үстін, шынында,
Тіршілік деген ұғым ба?!
Қой бағар едім –
Сызылтып қырда ән айтып,
Қасқырды қойдың алартып.
Тағдырым қылдың үстінде,
Қасқырдан, қойдан нем артық?!
Нем артық менің шынында –
«Өтті, - деп, - күнім бекерге»,
Жылайтыным ба?!


Тірей де алмай табанды
Бұдырлы ойға, ұғымға;
Өмірдің мағынасын
Өмірден сұрайтыным ба?!
.............................................
Осында менің Бақытым, Артықтығым да!
03.04.1983 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу