Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  794


Автор: Бесінбай Бегеніш

КӘСІПКЕР – ІСКЕР АЗАМАТ

(Амал Башабайұлы туралы толғау-жыр)
Биссмиллә деп бастадым,
Болмасақ та ақтабан,
Сөз қалдырып жатырмыз
Тұрғанда көмей , жақ та аман.
Шежіреге зер салсақ ,
Еске алып кеткен бабасын,
Жақсыларын мақтаған
Ниетін жасап көрелік
Тұрғанда аман ноқтадан.
Ноқтасын салса бір Алла,
Кеткендерді жоқтаған,
Бүгін барлар ертең жоқ,
Көзді ашып жұмғанша
Көресің қара тақтадан.
Сайраған тілің мүдіріп,
Сағаттай соққан жүрегің,
Бір сәтінде тоқтаған...
Асан Қайғы айтыпты:
Асыл тас пен асыл сөз
Тегінде қарап жатпаған.
Шер мен желің толқытса,
Олар да шыққан қақпадан.
Ретті жерге келгенде
Жақсыны етсек жария,
Содан да иман бақ табам.
Бәйге атқа қандай сын айтар,
Орынды жерге шаппаған?
Салмақтап сөзді қарайды
Ойы терең жақсы адам.
Сарапқа салса сөзімді,
Тиеді жұмсақ мақтадан.
Абыл, Нұрым, Ақтаннан,
Қашаған жүйрік тақтаңнан,
Сәттіғұл мен Сүгірден
Сан алуан ақыл сөз
Сары майдай сақталған,
Жиын мен тойды атқарып
Талай бір сөзді ақтарған,
Жүйріктің кірбің кірлерін
Сөзбен демеп кезінде
Тазартқан екен қатпардан.
Ал, әлеумет тыңдаңыз,
Тоғытайын сел сөзге,
Қарасудай қаптаған.
Қоспағы кетпей қазаннан,
Ырыс , дәулет дарыған
Қожаназар бабамыз,
Уызынан жарыған.
Үш назардың бірі боп,
Сүйсініп елі таныған,
Байлығын айтсам басқаның,
Киелі баба Қожеке,
Кешіргей деп жалынам!
Осындай екен тарих
Келе жатқан әріден.
Тыңдаушы халқым , құлақ сап,
Байлық деген жайды ұғың.
Жұрттың бәрі баюға,
Деп жүргендей майда ұғым.
Жуса кетер деген бар
Қолдың кірі – байлығың.
Жеткізе алмай біреу жүр,
Айлығына айлығын.
Күнелте алмай біреу жүр
Қарызға сұрап шәйлығын.
О баста да бір Алла
Несібесін әркімнің,
Тең етпеген барлығын.
Құнарлы жерге шөп шыққан,
Тәңірдің қара жарлығын!
Түсінгенге ап-анық,
Қадеге ешбірі аспайды
Президенттік жарғының?!
Кәсіпкер , іскер азамат
Түсінеді барлығын.
Еңбек етсең ерінбей
Дегенге сәйкес келеді
Барлығы да ал мұның.
Еңбек пен бақыт бірлесіп,
Құдіретті бір Алла,
Қолдаса, құптап ілгері,
Дегендей болып алғұлым.
Көлденең пәле жат болғай,
Кесепат, шайтан малғұның!
Байлық пен барлық туралы
Сөз бастадық осылай
Жолы деп Алла шарғының.
Қожаназар Атамыз
Түбекке қағып қазығын,
Арқаға тартқан желісін,
Төрт түлігі сай дүреп,
Көрмеген ешкім кемісін.
Әруақты ата Адай да
Қайыры тиген ел үшін,
Қожаназар Жаңайдың
Байлығымен бағы асқан,
Киелі баба мен үшін.
Атаға тоғыз жетіпті,
Амалға дейін санасам,
Қасиетті сан қайталап,
Жыли берер деп ішім,
Жалғасып солай жатқандай,
Сөз арнаған себебім,
Қайырлы болсын деп ісің!
Амалжан, айтсам шынын да ,
Өз үйіңнің қүлысың,
Қайырың тисе еліңе,
Халқыңның сүйген ұлысың,
«Болашақ» деп атаған
Ырыс тапсын ұлы ісің,
Өмірді толық сезініп,
Барладым, байқап тынысын,
Президент күнде жар салып,
Айтып жатыр мұнысын,
Әркімдерге қол жайған
Өзіңдей анау азамат,
Көреген күні құрысын!
Ортасында қаланың
«Батша
-Қуан» атанып,
Тындырып жатыр ел ісін,
Әр тұстан ашып кәсіпті,
Кеңіткен еңбек кемісін.
Базарбай жатыр Шетпеде,
Сол жақтың ұстап бұрышын,
Қызылсуда Қасыбай,
Еңбегі жатыр асып-ай,
Тізгіндеп,тентек-ұрысын,
Осылардың барлығы
Саған берер қол ұшын,
Қыдырып барсаң-қонысың,
Төтесіне салғанда
Дұшпанға сермер қылышын,
Мақтанар досқа ырысың,
Сондықтанда Амалжан,
Кеңісін, шалқып, тынысың.
Қалдырмай айтсам жан-жағын,
Қандырам құлақ құрышын!
Жақсылық пен Жаңабай –
Тілектес саған ағалар,
Астанада Әбіш тұр,
Қолдансын деп он ісің!
Назар салып қарасам,
Еңбегі жанған торысың,
Алып қаып қашпай ойымды,
Тұғыр атқа жорысын,
Артыңнан қалмай ере алмас,
Мәстектердің сорысың,
Өтеп жүрсең талайдың
Кем-кетігін , борышын,
Жаңай түгел өзіңнің
Беріш пен Алаша жарысың,
Қожаназар бабамнан
Бір көсек болып атаған
Азаматым, арысым,
Кәсіпкер, іскер атансаң,
Қуаттайды қол соғып,
Қазақ түгел орысың!
Өмір - теңіз , біз – кеме,
Тоқтағанша жүзетін.
Алланың демі өлшеулі
Қажетінде үзетін.
Кеткенді еске түсіріп,
Ретті жерде тәубе етіп,
Жасайық жолдың ізетін!
Есбайдан Әлжан тараған,
Қарағұл, Мәлік, Жұбайлар,
Қарағұлдан туады
Ізбас пен Боранбай,
Боранбацдан өрбіген
Қами менен батшабай,
Біп-екі ауыз сөз айттым,
Көзім көрген жақсы аға-ай!
Қозғалысы өмірдің
Қайғыны берсе бір күні,
Қызығын да сыйлаған,
Өтіп жатыр жалғанда
Ойламаған, қимаған,
Перуана ана атанған,
Жарқылдап күліп жүретін
Айырылдық жеңгем Зибадан,
Қас-қағым сәттің өзінде
Қиындық болды кезінде
Жанымызды қинаған,
Жәннатта болып рухың,
Шапағатпен көгеріп,
Атанғайсың сыйлы адам!
Әбіш пенен ААмалжан,
Сабыр етіп артыңа,
Көтеруге тиіспіз,
Алланың жүгін сыйлаған,
Ақкетік атты қалада,
Дәм татқан талай үйінен,
Батшабай , Қами ағадан,
Әбіш, Сүндет, Амалдар
Тараған сол бір сағадан.
Қатар өскен қос ағам
Қуат алып жататын
Кәрі каспий жағадан.
Тумаластар келетін
Сонау Үстірт даладан.
Танылып көпке атағы,
Оларды сұрап тұратын
Бегдаш пен Құрық, Шағадам,
Сәлем беріп барғанда
Кетейін дейтін садағаң.
Ақылшы болып жатқанға,
Ақсақал, Абыз атанып,
Аумайтын баба данадан,
Қолыннан келсе жақсылық,
Жағдайыңа қараған,
Қами менен Батшабай,
Осындай еді нар ағам.
Артық болмас сөзіміз,
Қабыл еткей тәңірім
Келтірдім сөзді шамадан!
Шөлдегенге жұтатын
Құйғандай саумал сабадан.
Жарылқасын алдыңнан,
Пейіштің мініп пырағын.
Алғұлым деген Алланың
Пендесі болғай қалаған.
Бір Аллаға тәубе етіп,
Шүкірлік етсек жаосар,
Адамзаттың баласы
Қимастық пен қоштастық,
Бір-Шомақтың ауылы,
Сарыдай елдің ағасы,
Өз алдына орны бар,
Балмаштың қандай бағасы?!
Осыларды ойласам
Мүдіріп те қаламын,
Сарқылдап сөздің сағасы.
Ұмытылмай жатыр ішімде,
Удай ашып жарасы,
Алланың салған ісіне
Адамның бар ма шарасы?!
Бәріміз жақын тумалас,
Жарылқасын алдынанн,
Сабыр түбі
– сары алтын,
Сабыр етіп қарашы.
Кимеске бізге шара жоқ
Алланың салған ноқтасын.
Тірлік деген осындай,
Дегені шығар тәңірдің
Артына бізді қалдырып,
Кеткендерді жоқтасын,
Қошқарбай мен Күбірбай,
Басшысы сіздер ендігі,
Өмірдің ашың қақпасын,
Істеріңді қуаттап,
Тәңірдің өзі жақтасын!
Шарғының жолы осындай,
Қайыры болып артының,
Ұрпақты қалған сақтасын.
Аға болып қалғанға
Күш қылыңдар,бауырлар,
Қиындықпен кұресіп,
Артында келед Көшербай,
Серік пен Дохы ілісіп,
Ғалымбек , Ғабер, Әзілхан,
Балуанбай, Мереке,
Тарас, Жапар. Манастар,
Жеткіншек желпіп кіл өсіп,
Алланың салған ақ жолын
Жеңем деген болмайдв,
Қарсыласып, сіресіп!
Қарындас, апа, бауырлар,
Жан-жағың туыс, қауым бар.
Жақсылық сізге тілесіп,
Мәтекең кәке ұлдары,
Тумаластық сезіммен
Арнадым сізге осындай
Бейіштің жағып шырағын,
Оңыңнан тұрғай жел есіп!
Адамның ата-бабасы
Ақ жолымен өткен-ді.
Мінажат етіп соларға,
Еске алдық кейбір кеткенді.
Рухы жебеп жата гөр
Самаладай көктемді,
Қайырын тілеп артының,
Кейінгі қалған үрпаққа,
Шапағатын сепкенді.
Арттағы - соның жалғасы,
Көктесін деп еккен-ді.
Ақбибі, Алтын аналар,
Құрмантай жеңгем және бар,
Шаңіырақтың ұйытқысы
Сендер боп енді саналар,
Жақындықтың белгісі
Жылы сөзден қаланар.
Бауырға тартсаң щшуақпен,
Тату болған балалар,
Жазылар түскен жаралар.
Жапырағың жайылып,
Жақын болсын аралар,
Имандық,татулық –
Жол екен салған даналар.
Тәңірберген, Есбайдан
Әлшен, Қадір аталар,
Қожаберген тараған,
Қазір енді солардан
Ақсақалы ауылдың
Сәттіғұлұлы Қаршабай,
Хұснадин бар ағам,
Аталар жолын ұстаған
Бекібайұлы Әбділла,
Тоқталалайын , ал , саған.
Шомақ деген ауылға
Ғазірет-молда аталған,
Ілгері өткен бабадан
Қасиет дұға бата алған,
Бекібайұлы Әбділла
Көріп жүрмін қатардан,
Ақсақал болып жүре бер
Таусылғанша татар дәм.
Замандас, достық білемін,
Тумаластық тілегім,
Сақтағай Алла өзіңді
Сан алуан қатерден!


Әр алуан мінезің, Бізге жақсы жағасың,


Амалжанға ақылшы, Тіл табысқан ағасың!
Бұрынғылар көзіндей
Қайнарлы бұлақ, сағасың.
Заманға сай , лайық,
Көп көңілді табасың,
Машинаны саздатып,
Орынды жерге шабасың,
Қатар өстік дегенмен,
Айтпаймын сөздің аласын!
Сөз қиыны келгенде
Келтірейін шамасын,
Дариядай жүйіткіген
Қысқартып сөздің сағасын,
Бекібайұлы Әбділлә
Амалға басшы ағасың,
Осылай бердім бағасын.
Амалға басшы ағасың,
Тарады көпке , ал, атың,
Әбіш пен сүндет– қанатың.
Жүрегі мен жаны бір,
Сен дегенде әрқашан
Жүгіріп, шаршап шабатын.
Тілектес саған қайнаға
Қарайды тағы Сағитын
Нағашың- анау Мұстахи
Жүрегі сен деп соғатын,
Осылардың ұйтқысы Өзің екен- қарасам,


Барлығына жағатын,


Жан-жағыңа жақының,


Кілтін сен – біл, табатын.
Мінезің көпшіл , алымды,
Айтатын пікір нанымды.
Шапшаңдылық қозғалыс,
Жек көрмедім оныңды.
Сондықтан да әрқашан
Бөгемес ешкім жолыңды.
Іс болса да қаншалық,
Шешілер деп жатасың.
Сол үшін әкел қолыңды!
Тартып мініп ат жалын,
Амалым , ерте елендің,
Қайырың тиіп жақынға,
Қамдадың туыс көлемін,
Сондықтан саған арнадым
Ағалық осы өлеңім.
Дүниеге шығарып ,
Жаратқан да өзіңді
Қос ананы тел емдің,
Мейірі түскен қос әке
Шуағына бөлендің,
Жан-жағыңды сөз етіп,
Қамтыдым аздап көлемін,
Қуаныш, үмбет, қоныстар,
Ерлан, ербол, алтынбек,
Келеді өсіп терегің.
Кейінгі өскен өркенге
Үлгі алсын деп отырмын,
Келтіріп мысал дерегін.
Ақылы барлар қарайды,
Ішінен теріп керегін!
Гүлсімді ауыл таныды,
Құдай қосқан қосағың,
Үлесі оның салмақты,
Берекесін кетірмей,
Ұстаған екен ошағын.
Жас болсаң да енесің
Сені де жырға қосамын,
Қосағыңмен жарасып
Толғауы тоқсан заманда,


Өрге қарай қоса ағың.
«Бұрынғылар жолы,- деп,
Аталарға ас беру ?
Той бердің тағы қарағым,
Көпшілікті атқардың,
Жарқылдап жүріп қабағың
Жеті жаты бәріне
Табағың мен тамағың.
Риза болып тарады,
Туыс пен жегжет, шомағым,
Бабалар салған жол екен,


Әрқашан да , қарағым,


Риза болып қонағың.
Жария етіп жақсыны
Келе жатқан бұрыннан,
Сөз қалдырған кейінге
Ақындардың жырынан,
Алланың берген сел сөзбен
Кемшілікке түйіліп,
Жақсыларға бұрылған,
Жақсы деген жалғыз сөз
Адамның жаны сүйінген,
Бас иеді дұшпаны.
Қабағы қарс түйілген.
Алқұлым десе Алласы,


Әрқашанда сақтайды


Ақ ниет, адал пейілмен,


Қазіргі мынау заманда


Күнелту көзін таба алмай,


Кейбіреудің кәсібі


Шырмауықша түйілген


Түйіннің ұшын шешкендер


Кәсіпкер, іскер атанып,


Адам да ,


Алла сүйінген,
Оны көрген талайлар
Қызғаныш деген қызыл ит
Ішін жалап, күйінген,
Ұрпақтарға үлгі боп,
Боранбаев амалым
Аумағай осы күйінен.
Ақыл мен білім тез келсе,
Жігіттің бағы ашылған.
Іскерлік шебер ұштасса,
Жинақталар шаылған,
Мінез-келбет жұптасса,
Киелі керек бейнесі
Аумаған ұқсас аршыннан,
Қызуқанды аршып тас,
Түспесе топқа арсынған.
Көлденен келсе кеселдік,
Жігері жасып , шар сынған.
Нарық қанша болғанмен,
Боранбаев Амалым ,
Жігердің оты алаулап,
Асығың түскен алшыңнан.
Кәсіпкерлік-іскерлік
Жетілдірші өнерді,
Кірістің көзін молайтып,
Толтыршы табыс-кемерді.
Жойылып жатсын тойтарыс,
Кеселдік пен кедергі,
Тәуелсіздік тұғырдың
Үстінде күліп тұратын
Көрейін іскер шеберді.
Еңбеккер болсаң, ерінбей,
Ұлысың сүйген халықтың,
Аз отырып , көп сынап,
Жайыңа сенің қанықиым.
Шаруаны тындырып,
Тетігін істің сан ұқтың.
Қандай қиын іс болса,
Шешпей оны қоймайсың.
Түп етектен зор түссе,
Жыртылар тонның жағасы .
Бар пейілді көре алмай,
Қай кезеңде бар екен,
Көз салған жан-жақ аласы,
Тәңірдің өзі құймаса,
Ағыны күті дария,
Тартылар оның сағасы,
Мінәжат етіп ойласаң,
Аму мен Сырды қос емген
Аралға өзің қарашы.
Сол маңайды жайлаған
Түрікпен, өзбек , басқа да
Туысқан ұлттық баласы.
Қызғаныш қаншық ұлудан,
Болған шығар жаласы.
Алланың өзі білмесе,
Адамның жетпес санасы,
Қанша мықты болғанмен,
Болғай тек іште тобасы.
Түсінгенге сөз айттым,
Имандылық, тәубенің
Осындай болар шамасы.
Жарқыратып барыңды,
Қолтықтан демеп туысқан,
Тату болып өсіңдер,
Ағайын , туған балалар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу