Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  70


Автор: Бесінбай Бегеніш

НАМЫС АЛДЫНДАҒЫ ЖЕКПЕ – ЖЕК

Намысқа намаздыгер шамасында
Жиылып елі келді ағасына:
«Анықтап ақиқатын сараптама,
Ақылын өзің енді табасың да?!»
Шот салды жанды жерден дұшпан жағын,
Әзірге ырыс жеңіп тұрған бағым,
«Атадық Қожаназар Қошанын!» деп,
«Жеңілсек , енді бізден сынсын сағың!»
Бақастықтың бағында қалған күндеп,
Әйтсе де , көтерілген солмас гүл боп.
Пірімді айтсам , қашанда бір аунайды
«Алақаныңа Атаның қонғанмын!» деп.
Қарсылас кезеңінде сынай қалған,
Демеймін ақиқатпа болсын жалған.
Халқымын намысы мен ары үшін
Одан артық болушы ең қандай талғам?!
Талғамды таразыға тартармысың,
Артық сөз есекке жүк артармысың?
Келеді аңыздардан ақиқат боп,
Жауларын құдіретпен басқан мысың.
Көрші өтті ізді бағып күй аңдыған,
Ата өтті топ назарын қия алмаған.
Өзінен ел намысын биік тұтқан,
Осылар ерлік деп те қиялданам!
Беттегі қағып тастап кеселін бір,
Арттырып өз ұлтының меселін тұр,
Бас иген ар алдында төтен шешім,
Сол үшін намыстың да есебін біл!
Жаралған үскі бізден бір жаңғырық,
Дұшпанды кетті-ау деймін аң-таң қылып.
Сүйемдей біздік темір найза болып,
Көздерге елестеген сан құбылып!
Оқпаны ердің кетті айырылып,
Пір Ата дұға оқыды, жайды біліп,
Аттағы аман қалған Қошан бала
Мерейі үстем болған , Айы күліп!
Қара жал қараны орап төгілгендей,
Қабырға қақырып бір сөйлегендей .
Қара ат та ең соңғы рет кірпік қақты,
«Біз-садақа,жауыңнан жеңілмең,ел».
Көрінген осындай бір рух текте,
Намыс алып көтерген сәуле көкке.
Созылған ұзын-сонар дау соңына
Ата екен алақанмен қойған нүкте.
Алақанға қондырған Қошан екен,
Еске алып осыларды атап өтем.
Пірімен Қожаназар сыйлас болып,
Тарихи орын тепкен ата мекен.
Жақсылар бір-біріне артқан сенім,
Сақтаған асқақтатып намыс кегін.
Кейде мен сүрінгенде «Бекет» десем,
Жалғасып жатырғаны баба тегім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу