Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  86


Автор: Бесінбай Бегеніш

Жүйткісін, мейлі, тасбауыр төбе, саз оймен...

Жүйткісін, мейлі, тасбауыр төбе, саз оймен,
Алысып келем бермейтін тыным сан оймен.
Даланың осы қожасындай қарсы алар,
Әр жерде қадау түйелер маңғаз азайған.
Мекен-жайын айтады екен,жасаурап, көзін бір қадап,
Күйдірген таңба кіржіңдер қалай тарқамақ?
Түспестей етіп мойынға салған кісенмен
Барады кетіп шалдардың атын арқалап.
Құстары ду-ду ұшпаса, болған көл жетім,
Көлдеуден шұбап бармаса түйе, бел жетім.
Сәні екен ғой сар даламның, ыңырсып боздау үндері,
Құлазып тұрса, көремін қалай ел бетін.?!
Дәрменсіздік шалдарға артып аманат,
Үй күшік ие «келмесін деп жамандап»
Қожасы едің боз інген, бура, сары үлек,
Жоқтаушың аз-ау, келсе де саған жамалдат.
Кес-кестеп алдан буыршын желдер ойқастап,
Келеміз зулап түйесіз ойдан ой тастап.
Келені бұзар буыршынға тап берер,
Керек-ақ екен қарт бурадай айқаспақ!?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу