Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  245


Автор: Бесінбай Бегеніш

ЖЕТІ ҚАЗЫНА – АСЫЛДАРДЫҢ БІРІСІҢ!

Асаулықпен бағынбасаң, құптар кім?
Жолын түсін адамгершілік ықпалдың,
Құлақтан кейде сипалап, қасып, аймалап,
Хайуан тектес мінезіңнен құтқардым.
Туладың көнбей іске асу үшін ойдағың,
Жұлқындың тынбай, ащы тер қысып, бойда ағын,
Өрелеп, қинап, тоқым салсам үстіңе,
Кигізіп ноқта, тағылықты жойғаным.
Тарпаңдардың санатынан шықтың сен,
Мінгіздім ұлға, қызықтап саған салып ен,
Жабайылар қатарында емессің,
Тіл табыстық! Түсінісіп ұқтым мен!
Қай түлікпен салыссаң енді, ірісің,
Адамзатпен бірге, аралас жатыр өрісің,
Басыңда жүген , ерттеулі тұрсаң мінерге,
Жеті қазына – асылдардың бірісің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу