Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  135


Автор: Бесінбай Бегеніш

БӘЙМЕН ТАҚЫР– ЖАСАНДЫ КӨЛ

Бірін жойып, бірін асап,
Табиғат деген бір қасап...
Міне осындай кезеңде
Бәйменді отыр көл жасап.
Қар суы жазға ілескен
Қалмаған жаңбыр үлестен.
Жай тауыпты маңайы
Күйреуік, жусан кіл өскен...
Қоңыр қаз қонған жағаға
Еңбегін елдің бағала.
Қасірет, қайғы жинаған
Арал да жатыр санада.
Үлесін ұстап бәйгенің,
Сергітті көңіл Бәйменім.
Кемелден асып толқи бер,
«Достық көлі» әй! менің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу