Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  98


Автор: Бесінбай Бегеніш

СУЫН АЙҒЫРҒА

Суын деген киелі де
Қасиетті ұғым бар,
Ақ жал толқын арқалаған
Теңізімде суым бар.
Айта алмаймын қанша ғасыр
Қанша мезгіл өткенін
Араласқан жылқымда да жұғым бар.
Суын айғыр келгенсің сен
Толқындарды арқалап.
Қарсы алғанда құла байтал
Киелі нұр байқап ап.
Ай нұрына шағылысып,
Ақ тілекпен тағы бір,
Келмейсің бе қайталап.
Су бетінде ізің қалды,
Айдай алтын тұяқты.
Небір әсем боз байталдар
Суға қарай есінейтін сияқты.
Судан аққан сәйгүлікке
Мән беретін кезеңде
Болмайық біз ұятты.
Алтын тұяқ сәуле шашып
Тұрар ма екен маңайым.
Ай нұрына шағылысқан
Толқындарға қарайымын.
Сауырыңа ай нұры ойнап
Қалың құрақ ішінен
Шашшы сәуле арайлым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу