Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  90


Автор: Айсырға Қилыбаева

АЛТЫН ДІҢГЕК

(Жібек Қорғановаға)
Жастай ұғып парасат, ұлағатты,
Жолдас қылған жанына қанағатты;
90 аттап, асықпай Жібек апа,
100-ге қарай жәй басып бара жатты.
Айналайын Маңғыстау, салтың бөлек,
Дала исі қолқаңнан аңқиды тек.
Біздер – шөпшек, ебелек жеңіл-желпі,
Жібек апа – орнықты алтын діңгек.
Көк құрақпен толғанда гүлге етегі,
Бойын тіктеп, Қаратау төрге өтеді.
Қиындықтан мойымас қайсар мінез,
Елі-жұрты Жібекті үлгі етеді.
Тіршілікке белгілі ақ-қарамыз,
Бақ табармыз, тартысып тақ та алармыз.
Бәрі мүмкін, бірақ та дей алмаймыз:
«Ел есінде Сіздей боп сақталамыз».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу