Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  55


Автор: Айсырға Қилыбаева

Құлайды жанар көлеңкелерге сүрініп...

Құлайды жанар көлеңкелерге сүрініп,
Боздайды жүрек үміті бордай үгіліп.
Оқшауланып қоңыр үй жатыр тігіліп,
Кір-кір аспан төбесінде тұр үңіліп.
Сарылған елес, кетпей-ақ қойдың санамнан,
Жетесіз арман қисынсыздықтан жаралған.
Топыраққа көмген бір дәннен өніп жатады
Қаулаған орман тамыры кеңге таралған.
Өмірге өмір жалғасып жатқан бір ағын,
Ағызып кетер мөлдірі менен лайын.
Барады біреу сөндіріп алып жарығын,
Келеді біреу алдына ұстап шырағын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу