Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  90


Автор: Медет Дүйсенов

КӨҢІЛ

Осы жолы сені ұқпадым, дос, мүлде,
Артық, ауыр сөз айтпаушы ең ешкімге.
Бір жолдастың мінін айтып қоймадың,
Қаяу салдың көңіліне бөстің де.
Өзеурейсің, бермей жанға және дес,
Абырой, бақ әпермейді ал, егес.
Айтқан сөзді ала алмайсың қайтарып,
Сүртсе кетер, етігіңнің шаңы емес.
Ұмыт, достым, реніш пен өкпеңді,
Жарқын мамыр жайнатуда бөктерді...
Езіп кетсең, қайта өсуі қиын-ау,
Көңіл бейне нәзік гүл ғой көктемгі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу