Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  96


Автор: Бірғали Байекеев

ӘКЕ АҚЫЛЫ

Боламын әрбір күні сен деп алаң,
Жанымды күлкіңменен емдеп алам.
Жарлылық қыссадағы жөнге бағам,
Ақшадан бойыңдағы арың қымбат,
Дұшпаның мақтанғанға сенбе, балам,
Арақ пен темекіні ауызға алма,
Ескертем осы бастан, кенже балам!
Шықпасын ешуақытта жаман атың,
Шектеулі болсын ынсап, қанағатың,
Жолдас қыл иман, ұят, адалдықты


Бұл менің өзіңе айтқан аманатым.
Ас, су менен қажеттіге жарыттым,
Бойымдағы өнегені дарттым,
Сендер үшін көңіл құлпын ағыттым
Сендер үшін мен барымды сарықтым.
Демедім мен сендер үшін «жалықтым»,
Өмір бойы күресемін, өлгенше
Жанарымда жарқырай бер, жарық Күн!
Үлесі жылдың үлгімде,
Елуден асып барамын,
Бақытым биік бұл күнде,
Қызығын көріп баланың.
Сүреңсіздіктен қашықпын,
Берікпін дәйім қалпыма,
Жақсылықтарға ғашықпын,
Адалмын туған халқыма.
Барымды бердім баршаға,
Ұсындым жүрек жылуын,
Бергісіз жирма ханшаға,
Таңдадым Беріш сұлуын.
Отаудың болды қызығы,
Өсіріп, бақыт ұл-қызын,
Аялап әлі келемін,
Қазақтың ару жұлдызын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу