Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  67


Автор: Бірғали Байекеев

ШІЛДЕ КЕШІ

Қара мая ыңырсып,
Исінеді ымыртта.
Маңай үнсіз, тымырсық,
Ақ үй-бейне жұмыртқа.
Шелек ілді білекке
Әйел-үйдің киесі.
Келіп әзер ретке,
белін жазды түйеші.
Сауын жеткен желіннен,
Сарылдап сүт саулады.
Жаңа түскен келіннен,
Жаңа ай туған аумады.
Жамылғысын іргенің,
Алғандайын түсіріп.
Барқыт кешін шілденің,
Түн келеді ысырып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу