Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  76


Автор: Бірғали Байекеев

АУЫЛДЫҢ МАДОННА ҚЫЗДАРЫ

Шет ауыл шап-шағын.
Ақ шағыл. Кешкілік.
У-шуы жетеді
алыстан естіліп.
Батыста беймезгіл
безерген ешкі бұлт.
Түбітін көтеріп,
қопсытты төске ұрып.
Аулақта үйір мал
ағылып көшеді,
Ақ шаңдақ болыпты
қара жол кешегі.
Оңыпты өрістің
жап-жасыл бояуы,
Қалыпты беткейдің
жұқарып төсегі.
Денеге жайсыздау
қараша ызғары,
Көңілсіз даланың
сарнаған күзгі әні
Оралып келеді
жұмыстан құныспай
Ауылдың қайратты
мадонна қыздыры.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу