Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  71


Автор: Серікбай Бердияров

Өлең ғұмыр...

Өлең ғұмыр,
Дегеніңе көндірдің.
Өнерлінің арасына ендіріп.
Көптің ісін иығыма артқасын,
Нақтыладым жасарымды кең жүріп.
Көзді ілмей таңыңызды атырдым,
Сабаңызды қайтармалап сапырдым.
Қиындығы мезгіл алып жатсада,
Қайта жаздым дегенімді ақырғы.
Алынбастай көрінгенмен жат жайы,
Күш әлетін келгенінше шақтадым
Заңның жолын биігірек көтеріп,
Толықтырдым сөйлемімнің жақтауын.
Құлақ түргін домбыраның үніне
Маң даланың баласымын біліңдер
Барлық байлық болмағанға өкінбен
Қинағанмен тыншымды алып күнінде
Билік басы әлімжеттік жасады,
Пышақтарын жалаңдатып қасабы
Лауазымда жетеді екен арамдық,
Әлі күнге жанды жейді азабы.
Өлең ғұмыр,
Жай көп екен көнесің.
Жұмыспенен айналыссаң өнетін.
Өмір күрес дегеніңмен жүрмейді,
Қиын екен өзіңдікін жөн ету...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу