Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  77


Автор: Серікбай Бердияров

Сүйретіп-ап қылышын қыс келеді.

Сүйретіп-ап қылышын қыс келеді.
Жамап жасқа қалдырмай ештемені.
Қамданғаның ертерек майлы ішек,
Өзіңдікі дұрыстап екшегенің.
Байқамайтын өмірде бірен-саран,
Шегірткеше секіріп сүрең салған,
Күндерін де бір затқа ұрынады,
Есерлікті епсізді білем содан.
Тіршілікке келгесін қатарласып,
Сенің анау болыпты атаң жасық.
Сенің анау-мынауың өте төмен,
Дегендермен алғанмын араны ашып.
Ертең боран жан-жақтан азынайды,
Дірдектейсін жесеңде қазы майлы.
Сеп болмайды тіпті де тонның өзі,
Айту артық әңгіме сазы жайлы.
Айналмаңдар ойымнан орағытып,
Қарлы боран ұйтқыса шара бітіп,
Қозғалуға амалың болмай қалар,
Күн болсада арада арагідік.
Құлақ үсік, бет үсік, мұрын жара,
Танымастай жүрмейік қырын қарап.
Алдын алған тірліктің соңы тыныш,
Жамандыққа абзалы ұрынбаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу