Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  66


Автор: Серікбай Бердияров

Көңіл шіркін қалайды кеңшілікті...

Көңіл шіркін қалайды кеңшілікті,
Маған тағдыр өлеңді енші қыпты.
Дәуріште,шипагер,балгер де емес,
Дертке дауа деймін-ау емші мықты.
Не болғанда көргенім көрмегімде,
Барлық байлық адамның еңбегінде.
Себеп мекем дей алман бардың жайы,
Ақша уыстап жатқанмен жөргегінде.
Балапандай сары уыз ұшпа қанат,
Бақ пен тағың байқашы қысқа қонақ.
Бәйге алады дегенге кім сенеді,
Ай тақырда арулап ұстаған ат?
Сәл кідірсем кетеді салым суға,
Сынақ білем үзеңгі қағысуда!
Өз бейнеңді көресін салыстырып,
Мына өмірдің аламан ағысында!...
Алыс-жақын адасып арасында,
Соқпа болып соғылдым сан асуға...
Табан тірер табысым осы болды
Болашақтың дедім ау нәрі осында.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу