Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  66


Автор: Қалбай Әбдіраманов

Тереңдерге түсіп көрген адаммын...

Тереңдерге түсіп көрген адаммын,
Жалындарға пісіп көрген адаммын.
Күшім жетпес дұшпандармен дауласып,
Көз жасымды ішіп көрген адаммын.
Көп жүрекке кіріп барған сөздерім,
Алыстарға жүріп барған сөздерім.
Көре беріп жығылғанды,жыққанды,
Қорыққаннан үлкен болған көздерім.
Мектеп көрген,халық көрген адаммын,
Көп жүрекке жарық берген адаммын.
Мәңгүрттерді неше мәрте өлтіріп,
Неше өмірге алып келген адаммын.
Кітап көрген,әріп көрген адаммын,
Қылды екіге жарып берген адаммын.
Бұл өмірден кетіп қалып аңдаусыз,
Енді өмірге анық келген адаммын.
Іші дертке толып кеткен адаммын,
Өмір сырын шолып кеткен адаммын.
Түсе беріп әзірейілдің қолына,
Өлмейтұғын болып кеткен адаммын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу