Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  72


Автор: Қалбай Әбдіраманов

ЖҮРЕК ҚҰШТАР

Махаббаттың шеті жоқ,
Көк теңіздің шеті бар.
Жүрек деген-қасқалдақ.
Екі шайнам еті бар!
Сөздеріңе мән берем,
Ойнамаңдар жан менен.
Жүрегімді жеп қойма,
Екі бөлек нан менен!
Ұшар құстар құстарға,
Жүрек құштар-құштарға.
Жер жиһанға шырлаймын,
Жұдырықтай күш барда!
Әзілдерсің,байқарсың,
Қалжыңдарсың,шайқарсың!..
Су бойына апарып,
Су ішкізбей қайтарсың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу