Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  59


Автор: Қалбай Әбдіраманов

Шығып ем мен сапарға бастан тiлеп...

Шығып ем мен сапарға бастан тiлеп,
Мынау әлем сенсiзде тастан түнек.
Күнге қарап көтерем көкiрегiмдi,
Иығыммен тұрғандай аспан тiреп.
О,менiң өршiл көңiлiм,жасыма түк,
Жүрер әр кез ақынның басы қатып.
Әу басында күлiмкөз мың сан жұлдыз,
Ойларымды кететiн шашыратып...
Ендi алаң боп жатпаймын түктемеге,
Келем шалқып,мiнгендей құт-кемеге.
Қазiр менiң жұлдызым-Темiрқазық,
Қазiр менiң жұлдызым тiк төбеде!..
Қоршалауға жүр едiм қорған таппай,
Саялайтын басыма орман таппай.
Сен менiң Қыз Жiбегiм,Ақ Баяным,
Айрылам ба бiр дұшпан қолдан қақпай!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу