Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  60


Автор: Оңайгүл Тұржан

Ей, Нарыным...

Ей, Нарыным,
Құм-қобыз боп тарихты қазған,
Кеудең толы сазды ән,
Махамбеттiң даусын саласың,
Мұхит боп ойлап,
өзен боп жазған.
Уа, Нарыным!
Шөл иесi – сары құм.
сен жалқын нұрсың,
әлде сарғайған мұңсың,
әлде, шыныңды айтшы,
кiмнiң көзiне құйылған құмсың?
Әлде сен –
жүректi баурар,
жырмысың ақ қағазға саулар?
Әлде сен –
елеспiсiң құйын боп заулар?
Жоқ!
Жыр да емес бұл, елес те емес заулар.
Махамбеттiң басын кескен жаулар,
Тоқтатпаса арам шөптей қаулар.
Бұл –
соларды тұрмастай етiп көмем деп,
Құм болуға дейiн шегiнiс жасаған
Таулар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу