Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  100


Автор: Оңайгүл Тұржан

КЕШҚҰРЫМ БҰЛ

Кешқұрым бұл...
Тұнық кештен мұңлы әуен естідім бір.
Көкірегімді сол әуен кесті мың бір.
Жалғыздардың жүрегін жабықтырған,
Кешқұрым бұл.
Жұбанышым, өлеңім, ақыл-арым,
Көңіліме көктемнің шақыр әнін.
Батқан күнге қарап бір отырам да,
Қаламымды сияға батырамын.
Көкірегін кернеген наланы айтып,
Сыңар аққау барады дара қайтып.
Жүрегімді жайлаған, қайран өлең,
Мен отырмын мұңымды саған айтып.
Қайран өлең, киелі, алып тұлға,
Алып тұлға, сағындыр, зарықтыр да.
Тереңдіктен суырған ойларымды,
Кереңдікке апарып жолықтырма.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу