Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  72


Автор: Оңайгүл Тұржан

АКВАРИУМДАР ТАЛАСЫП ТЕҢІЗДІККЕ

Ұлы армандар көз iлмей негiздiкте
Жалғыздықтар құмартар егiздiкке.
Балықтарын баптайды күндiз-түнi,
Аквариумдар таласып теңiздiкке.
Ал . . .
теңiз ше?
Шағала үнi қарып,
Керi қашар толқыны күлiп алып.
Отырады жағада ерiккен жұрт,
Теңiздi қармақпенен iлiп алып.
Құм жатар мiне шабар құр атыңдай,
iштен тынған iшқұса сұрапылдай.
Жата-жата жалыққан көк теңiз де,
Орнынан қазiр атып тұратындай.
Атып тұрып,
сөйлердей тасқынменен:
- Толқынымды үркiттi қашқын кемең.
Қасарысқан қағида қайдан шықты,
Теңiздер бiр орнында жатсын деген, -
деп тулап. . . ортамызға кiретiндей,
адами тiрлiк кешiп жүретiндей.
Бiр өкiнiш iшiнде жатса-дағы,
Сырт көзге сырын бермей, күлетiндей.
Жүргенмен адам-тiрлiк ұнайтындай,
Бiр күнi. . .
өксi-i-iп, өксi-i-iп жылайтындай.
Толқып жатқан күндерiн аңсап барып,
Арнасына қайтадан құлайтындай.
Иығымыздан түспейдi шекпен –егес,
Мұны көзбен көрген жан – тек мен емес.
Адамдардың бейнетiн арқалауға,
Ешкiмнiң де батылы жеткен емес.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу