Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  86


Автор: Төлеген Жанғалиев

Сат!!!

Тауды да сат, бауды да сат, сат бәрін,
Жерді де сат, елді де сат, жоқ шағым.
Тойған қарын жарылмайды бәрібір,
Жарылмаса біз сияқты аш қарын.
Құм құйылса бір-ақ тояр көз деген,
Сат бәрін де, түк жатпасын көлденең.
Біздің қазақ шыдамды ғой, шыдамды,
Біздің қазақ, ойхой, нені көрмеген!
Түгіміз жоқ түктен қорқып шатасар,
Бесікті де, мешітті де сата сал.
Қарауыңда тігер тұяқ қалмасын,
Қазаныңда ас болмасын асатар!
Сат бәрін де Хақ-Тәңірге ақ болсаң,
Ашынбаймын мен де онда аш қалсам.
Жер үстінде қазулы көр тұрғанмен,
Жер астында жаюлы аппақ дастархан...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу