Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  65


Автор: Төлеген Жанғалиев

Элегия

Құм сағаттай құйылған,
Құнсыз өтті шақтарым.
Күз айындай бұзылған,
Күңгірт көңіл аспаным!
Тартқылайды оң-қабақ,
Таң қуаныш жақын ба?
Тасбақадай жорғалап,
Тағы шықтым асуға.
Асу емес шыққаным,
Асық бүгі секілді.
Құлжасынған дұшпаным,
Құзда тұрып есірді.
Есіру де кінә ма?
Ес болмаса мысқылдай.
Өзеурейді қияға,
Өз күшімен шыққандай.
Шыға берсін «өжет» сұм,
Шыңға, тіпті аспанға.
Терлегенге не жетсін,
Төрлегенде асқарға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу