23.07.2022
  541


Автор: Көмек Ыбрайұлы

Құстар біздің досымыз туралы сценарий

 


Сахна тақырыпқа сай безендірілген. Көктемнің алғашқы қонақтары


құстардың келуін, жапырақтардың бүр жаруын бейнелейтін көркемдеуді әр мұғалім, тәрбиеші өз қалауынша таңдап алады.


 


 


Жүргізуші:

 


Ойын қандай көктемде, жаз да қызық, Құйылар көңілдерге наз – тамызық.


Арқырайды өзендер бар даусымен, Құстар келер аспаннан саз тамызып.


 


Қандай әйбат табиғат алақаны, Көк шүйгін, жұпар иіс, бал атады. Құс үнімегн жабылар түн құшағы Құс үнімен атады дала таңы. –


 


 


дегендей, көктемеде елге оралған құстар легін қарсы алайық.


 


 


Құстар жайлы ән орындалады.


Маңдайларына құстардың атын жазып алған балалар ортаға кезекпен шығады.


 


Жүргізуші:

Балалар, құстар біздің досымыз. Олар үй құстары және дала құстары болып екіге бөлінеді. Қане, балалар, айтыңдаршы, үй құстарына қандай құстар жатады?


 


Балалар жауап бере бастайды.


 


Жүргізуші:

Ал, дала құстарына қандай құстар жатады? Қане, кім айтады?


 


Балалар жабайы құстарды атай бастайды.


Ендеше, балалар, құстар туралы аңыздарға кезек берелік.


 


Жүргізуші құстар туралы аңыздарды оқи бастайды:

 



  • Ашаршылық жылдары бір бүркіт бір ауылды асырапты. Бүркіт балыққа да түскен.


 



  • Бағзы бір заманда ауылды жау шапқан кезде ел үдере көшіп кетеді де, бір кемпір мен шал жұртта қалып қояды. Себебі шаңырағына қарлығаш ұялаған екен. Олар балапандардың қанаты қатайып, қауырсыны жетілгенше отырамыз деп ұйғарады. Ауылға баса көктеп кірген жаудың бір батыры шаңырақтағы қарлығаштың ұясын көріп,


«Бұл қайырымды ел екен!» деп, елді шаптырмайды.


 



  • Бір жылдары Өскемен жерінде жер сілкінгенде, тек қарлығаштар ұя салған үйлер ғана аман қалыпты.


 



  • Қорқыт бабамыз алғашқы қобызын қарағайдан ойып шапқанда, аққуды көзіне елестетіп отырыпты деген сөз бар. Күй тартқанда, қобыздың кейде аққуша сұңқылдайтыны содан болса керек.


 



  • Жаугершілік заманда кептерлер «пошташы құстар» деп аталған.


 


Жүргізуші:

Ал, енді, балалар, құстар туралы өлеңдер оқысақ қайтеді! Қане, кім өлең оқиды?


 


1- бала:

 


ҚОҚИҚАЗ


 


Жемін теріп, үнемі Көл жағалап жүреді. Қызыл бауыр,


Тік сирақ


Бұл құсты кім біледі?..


 


Бір аяқпен тұрып та, Дем алады ол ымыртта. Бір қызығы:


Қоразы


Басады екен жұмыртқа!


 


 


 


2- бала:

 


ЖАРҚАНАТ


 


Кейде түнде ісі өнбей, Күні бойы болады аш, Суға келіп түсердей Жүреді ылғи жалаңаш.


 


Таң алдында, шынында, Сабылады жер қарап.


Күндіз ұшып шығуға Ұялады ау жарқанат.


 


 


 


3- бала:

 


 


 


 


 


 


 


 


 


 



  • бала:


 


ТОҚЫЛДАҚ


 


Құрттың іздеп түр-түрін, Таппайды ол бір тыным. Күн ұзаққа тұмсығын Аямайды шіркінің.


 


Жандай-ақ ол кінәлы Жақын келсең, бұғады. Бейне орманда морземен¹ Хабар беріп тұрады.


 


ШЫРША ТОРҒАЙ


 


 


Аяз болсын күн мейлі, Ол тоңуды білмейді.


Жұмыртқасын басады, Босқа ұшып жүрмейді.


 


 


5 -бала:

 


ПИКАПАРА –ҚАЛТАЛЫ ҚҰС


 


Балапанын қалтасына салады, Самғай ұшып, жиі қанат қағады. Пикапара - өзгеше үнді қызық құс, Ыстықтаса суға сүңгіп алады.


 


 


 


6- бала:

 


ТОҚЫЛДАҚ


 


Тоқылдаттың ағашты, Үнің қырдан әрі асты. Саған құлақ тосты маң, Үрікпеді ешбір аң.


 


 


 


7- бала:

 


ҮЙРЕК


 


Үйрек суға сүңгіді, Балдырларды үңгіді. Шықты басын нық бұлғап, Үсті бірақ құп – құрғақ.


 


 


 


8 – бала:

 


ТҮЙЕҚҰС


 


Қап – қара боп табаны, Жүгіруге көндіккен.


Құстай – ақ бір жаралы, Ұша алмайды ол тіптен.


 


Қойылған деп дәл аты Жұрт таң қалып қарайды. Жүгіргенде қанаты


Өзін өзі сабайды!


 


 


 


 


 


 


 


 


«Тоқылдақ» әні орындалады.


 


ТОҚЫЛДАҚ


Сөзі мен әні: К.Ыбрайұлынікі.


 


Құрттың іздеп түр-түрін, Таппайды ол бір тыным. Күн ұзаққа тұмсығын Аямайды шіркінің.


 


 


 


 


 


 


Жүргізуші:

 


Жандай-ақ ол кінәлы Жақын келсең, бұғады. Бейне орманда морземен¹ Хабар беріп тұрады.


 


Ал, енді, балалар, құстарға байланысты жұмбақтар шешейік! Жүргізушінің өзі жұмбақтарды оқи бастайды:


 


Бір құс бар денесін Кәдімгі май басқан. Туғанда жүгіріп, Есейіп тәй басқан.


(Қаз)


 


Бантигі бар басында, Бір құс жүр қасында.


(Т а у ы қ)


 


Құралсыз үй тұрғыздым.


(Ұ я)


 


Тұмсығы – балға, Ілініп тұр талда.


(Тоқылдақ


 


Дауылда тауық бола ма?


(Дауылда тау ық болады.)


 


Жүргізуші:

Балалар, біздің құс достарымыз адамдарға, қоршаған ортаға қандай пайда келтіреді?


 


Балалар жауап бере бастайды.



  • егінді құрттардан, шегірткелерден қорғайды.

  • ағаштардағы зиянды құрт – құмырсқаларды теріп жейді..

  • адамдар бүркіт, ителгі, қаршыға сияқты жыртқыш құстарды баптап, аң аулап, күнелткен.


 


Жүргізуші:  Жыртқыш құстар немен қоректенеді?


 


 


 


Жүргізуші:

 


Балалар сұрақтарға жауан береді.


 


Балалар, енді «Қораз» ойынын ойнайық. Жүргізуші ойынның шартын түсіндіреді.


 


 


Ойынның шарты: Диаметрі 2 метр шеңбер сызылып, екі бала бір аяқпен тұрып, иықтарымен қағып, бір – бірін сызық сыртына шығарады.


 


Жеңген бала шеңбер ішінде қалады.Ойын осылай жалғаса береді.


 


Жүргізуші:

Балалар, енді құстар туралы өтірік өлеңдер оқылық!


 


 


1-  бала:

 


Түріндім де жеңімді, Іс істедім сенімді.


Айдарымен қораздың Араладым темірді.


 


 


 


2-бала:

 


 


 



  • бала:


 


Күнгейінен қыраттың, Таңдап тұрып шіл аттым. Бір оғым да дарымай, Түкірікпен сұлаттым.


 


Сәулені үрлеп сиреттім, Түнді жіппен сүйреттім. Көлдің бетін жаптым мен Қанатымен үйректің.


 


5 -бала:

 


 


 



  • бала:


 


Қиналдым да үш апта, Вагон арттым тұсаққа. Бүркіттің мен қанатын, Салып бердім ұшаққа.


 


Ойландым да азырақ, (Кетпесе екен шашырап) Пайдаландым тенниске Тауық жұмыртқасын ап.


 


 


 


7- бала:

 


Қыс ішінде қырық күн, Жарқынатты қырықтым. Жүні көп – ау, шіркіннің, Ұйықтамастан жүріппін.


 


«Балапан» әні орындалады.


 


БАЛАПАН


Сөзі мен әні: К.Ыбрайұлынікі.


 


Айтқаныма көне ғой, Жем берейін,


Келе ғой. Тары шашам, Жүгіріп,


Соңымнан сен ере ғой.


 


 


Балапансың - баласың, Тез алданып қаласың:


Бұршақ жауса, Дән бе деп,


Шоқып-шоқып аласың!..


Жүргізуші:

Балалар, енді құстар туралы жаңылтпаштар айталық.


 


«Қысқашты, құс басты, үш басшы» Деген ұйқас жақсы ма,


Әлде


«Құс басты, үш басшы, түс жақсы» Деген ұйқас жақсы ма?


 


*       *       *


Аласа бала ала алашаны қағып тұрып, Ала шағалаға қарады.


 


*       *       * Қысқыш жүзгіш, ұшқыш құс.


 


*       *       * Бүркітті бір түкті аң үркітті.


 


 


Жүргізуші:

Балалар, енді Ақан сері атамыздың «Қара торғай» әнін тыңдалық.


 


Ақан серінің «Қара торғай» әні орындалады.


Жүргізуші:

Ән тыңдап болдық. Енді, балалар, «Ұйқасын тап!» ойынын ойнап көрелік.


 


Жүргізуші ойынның шартымен түсіндіреді.


 


Ойынның шарты: Өлеңнің екі жолы оқылады. Соңғы жолының ұйқасы құс атауы болып келуі керек. Ұқтық па? Ал, ендеше, бастаймыз.


 


Әнім, жырым арналар, Торғай, кептер, ...


( қарғалар)


 


*    *    * Баламын мен өте епті, Ұстап алдым ...


(көкекті)


 


*    *    *


 


Қуанатын күн бүгін, Сайрап кетті ...


(бұлбұлым)


 


*    *    * Кетті аңдар үркіп, Қонған кезде ...


(бүркіт )


 


*    *    *


Ән шырқайық гәкку деп, Қонсын көлге ... кеп.


(аққу)


 


*    *    *


Күй тартып Бек билетті, Көлге қонған ...


(үйректі)


 


*    *    * Берген жемін тауысты, Әкетіңдер ...


(тауысты)


 


Жүргізуші:

Балалар, мына қағаздар құстардың ұясын жасауға дайындалып қойылған. Қане, кім оңай құрастырар екен?


 


Балалар ұяны құрастыруға құлшына кіріседі.


Олардың жұмысы бағаланады.


Ортаға екі «көгершін бала» шығады.


 


«Көгершін балалар»:

Көңілдерге жаттаңдар, Дәйім бізді мақтаңдар! Адамдармен доспыз біз, Құс баласын сақтаңдар! –


Біз бүкіл жер шарын аралауға кетіп барамыз. Біздің тілегіміз – Жер бетінде бейбітшілік болса екен, адамзат ұрпағы өркендей берсе екен! Балалар! Сендердің әндерің шырқалған сайын біз неғұрлым биікке самғаймыз! Ал, қош сау болыңдар!


 


«Көгершін балалар» қанаттарын қағып, шығып кетеді.


А. Жұбановтың «Ақ көгершін» әні шырқалады.


 


Жүргізуші:

 


Көңілдер де кетті, міне, шарықтап, Барады олар күн астына бағыттап. Көгершіндер бейбітшілік символы, Көгершіндер ұшсын биік қалықтап.


 


Осымен «Құстар біздің досымыз!» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.             Қош, сау болыңыздар!


 


 


 


ТҰСАУ КЕСЕР


 


Қазақ халқы  ұлттық салт – дәстүрге бай.


Солардың бірі – тұсау кесер рәсіміне байланысты өткізілетін мереке сценарийі.


 


Жүргізуші:

 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


Жүргізуші:


 


Сәби күліп, қызыққа бат ағалар, Кішілер ақыл тыңдар, бата да алар. Гүл сыйлаймыз көңілге әріптестер, Қуанышты күн бүгін, ата – аналар!


 


Сақ, ғұн арғы бабамыз көшпендіміз, Дүреп жанған өскен қыз, өскен ұлмыз. Қане, қане, бәріміз қол соғалық, Мерекеге, халайық, қош келдіңіз!


 


Көңілді музыка ойналады.


 


Міне, ұлыстың ұлы күні де бар қуанышын жайып, келіп жетті. Жыл басы деп саналған Наурыз айының келу құрметіне арналған мерекемізге қош келдіңіздер!


Өткізген сан кезеңді, Біз қазақпыз ежелгі.


Жауларымыз көре алмай, Талай садақ кезенді.


 


Әр жанарға жас тыққан, Көз ашпадық қастықтан. Сең боп ақты қанымыз, Сан қырылдық аштықтан.


 


Күлсе сәби жақсы ырым, Салтты ұстамау – басты мін. Бүгінгіге жалғадық,


Ата – баба дәстүрін, –


 


дегендей, қазақтың салт – дәстүрінің бірі – «Тұсау кесу» рәсімін өткіземіз.


Салтты бұл жас та білер, үлкен білер, Ел жұртым қуанышты күн келді дер. Мерекелер ортақ қой бәрімізге,


Дәл бүгін ән айтылып, күй шертілер.


 


Тұсау кесу – қазақта баланың өмір сапарының сәтті болуы үшін ақ ниетпен жасаған ырымы. Ортаға бүлдіршінімізді тұсауын кесу үшін алып шығайық!


 


 


 


Жүргізуші:

 


Ортаға тұсауын кесетін баланы алып шығады.


 


Немерелер үйдегі, Әдетінше күндегі. Әжесінің алдына Таласумен жүргені.


 


Бәрін де ол құшады, Бәрін де ол қысады. Кіп – кішкентай әженің Қандай үлкен құшағы.


 


Адам болғың келе ме, Ал үлкеннен өнеге.


Бір кездері әжеңді Көтер сен де төбеңе, –


 


 


дегендей,   немере үшін ең мейірімді, ең жақын жан – әже. Әженің аялы алақаны, мөлдір махаббаты, жылы жүрегі, кіршіксіз таза көңілі, жанға жайлы лебізі немереге ауадай қажет. Әжеміздің ақ тілегін тыңдап, бата сұрап және баланың тұсауын кесу үшін ортаға шақырамыз.


 


 


Жүргізуші:

 


Көңіл, шіркін, шаттыққа бөлене ме, Еркін тұрып көсілсең керегеңе.


Әже орны бөлек қой әрқашан да, Шандырынан сүт берген немереге!


 


Ортаға әже шығады.


 


Әже тұсау кесетін балаға арнап әкелген сыйлығын тапсырып, баланың беліне кішкентай қалта байлайды, оның ішіне тәттілер салып тұрып мынадай сөздер айтады.


Әже:                   Қалтаң қамбадай затты болсын, Өмірің кәмпиттей тәтті болсын! Белің қайыспайтын қатты болсын,


Көңілің жырға, жүрегің нұрға толсын!


 


Ала жіппен байлағаным – адал болсын, ақ болсын дегенім, балам. Тұсауыңды                      өткір пышақпен кесем, болашағың ашық болсын деп, пәле – жала қашық болсын деп.


Құшағың гүлге толсын, Алғаның жүлде болсын! Бармақтай бағың болсын, Қыдыр Атаң үйіңе қонсын!


 


Әже баланың тұсауын кеседі де, бір   – екі аттам сүйемелдеп, жүргізіп барып, еркін жібереді де:


 


Қаз қаз, балам, қаз, балам, Жетектейін аздаған.


Арманыңның алдағы, Оты жансын маздаған


 


Қайсар жан бол елгезек, Ұл да керек елге өжет. Аялдама жан балам,


Біз жетпеген жерге жет.


 


Содан кейін баланың беліндегі қалтаны шешіп, тәттілерді елге шашып, таратады да, халыққа қарап:


 


Тұсауын кестім баламның, Тілегін құптап жаранның. Нұрлы болсын өмірі,


Баса берсін қадам мың.


 


 


 


 


 


 


Жүргізуші:

 


Күтім керек талға да, Өсе берсін бал – бала. Қырдан ассын жүгіріп, Аманат қылдым аллаға.


 


Қазақтың дәстүрі көрсетілген той, мерекелер ән – бисіз, жыр – күйсіз өтпеген. Енді біз балапанымыздың дені сау болып, тез жүріп кетуіне тілегімізді білдіріп, биге кезек берейік.


Би орындалады.


Жүргізуші:

Жігіттің қосқан аты аламан бәйгеден жүлде алса немесе күресте жауырыны жерге тимей жеңімпаз атанса, қазақтар: «Уай, бұл жігіттің нағашысы кім екен? », – деп сұраған.


 


Жүргендей қомақты бір құны қалып, Бірін – бірі сөйлейді іліп алып.


Нағашылы – жиендер қалжыңдасар, Бұлардың бірі – қармақ, бірі – балық.


 


Ортаға нағашысы шығып, тілегін айтады(әзіл қалжың):


Нағашысы:

Кібіртіктеп қалдың ба, Шыққандай боп жал – құмға. Жиенім, тез жүріп кет,


Сан асу тұр алдыңда.


 


Қатарыңның алды бол, Бақытты бол, барлы бол. Анық басып, түзу жүр, Жасап тұрам «контроль»


 


Ой қосылсын ойыңа, Көп келелік тойыңа. Келесі жыл қуып жет, Маған сояр қойыңа!


 


Жүргізуші:

Атам қазақ бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген ғой. «Бала тілі – бал»,


«Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» деп бекер айтпаған.


 


Қонағыммен бір жаным, асқар тауым, Ей, мейманым, алдыңа бас тартамын. Өнерменен құшалық бәріңді де Әннің аты «Қазақы дастарқаным»


 


«Қазақы дастарқаным» әні орындалады.


 


Жүргізуші:

 


Ата сыйлау ежелден салтымызда, Ұсынамыз ақ шұбат, бал,қымызда. Ал, қане, қол жаялық ізет тұтып, Бата берер ақсақал алдымызда.


 


Ортаға бата беретін ақсақал шығады.


 


 


Ақсақалдың батасы:

Балам,балам, батыл бол, Жауға шабар батыр бол. Жамандықтан аулақ қаш, Жақсыларға жақын бол.


 


Тың қопарып, егін ек. Гүл жайнасын төңірек. Өзің терген дәніңнен, Досың болсын көбірек.


 


Қатарыңнан қалыспа, Шап әрқашан намысқа. Бойың қысқа болса да, Ойың жүрсін ғарышта.


 


Түнеріп таң атпасын, Қарайып күн батпасын. Жұлдыз болшы көктегі, Еліңді жұрт мақтасын. Әумин!


 


 


Жүргізуші:

 


Ризамыз, ата біз,


Тек аман сау жүріңіз! Қабыл боп ақ батаңыз, Ұзақ ғұмыр сүріңіз!


 


Нағыз жігіт саналған, Болсын сәби өр, алып. Сөзіңізден нәр алған Біз де аман болалық!


 


Осымен «Тұсау кесер» рәсіміне арналған мерекеміз аяқталды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу