Өлеңдер ✍️

  23.07.2022
  108


Автор: Көмек Ыбрайұлы

Ноталарды табамыз

Сидоров пен Симонов,
Әуелден де зерек – ті.
Нән зереңмен су құйып,
Аялапты теректі.
Доп ойнап ап түсте ұйықтап,
Тауып беріп қорегін.
Ми қайнатар ыстықта,
Күтіпті олар терегін.
Төбесімен сүйіп көк,
Терек бапсыз өсе ме?
Керемет бір биіктеп,
Сән береді көшеге.
Көлеңке іздеп қашықтан,
Әрең жетсе үйір нар.
Мимырт жүріс қажытқан,
Саялапты сиырлар.
Болды жұрттың бәрі ырза,
Бір жыл жылжып өткенде.
 Фархад, Зере, Фариза
Екті терек көктемде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу